Тоқаев Нигерия Президентіне әскери ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Ақорда
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Ондо штатында Нигерия Әскери әуе күштерінің ұшағы апатқа ұшырап, адамдардың қаза табуына байланысты Президент Бола Ахмед Тинубуға көңіл айтты.

Мемлекет басшысы жеделхатта жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақ екенін жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Тимур Турловты қабылдаған еді.