Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп еркін форматта әңгімелесті

ВАШИНГТОН. KAZINFORM — Ресми кездесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп еркін форматта әңгімелесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп еркін форматта әңгімелесті
Фото: Ақорда

— Ақ үйдің іргесінде тұрып, жаңадан салынып жатқан салтанат сарайының құрылысын көрді, — делінген ақпаратта.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп еркін форматта әңгімелесті
Фото: Ақорда

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп кездесуінің нәтижесі жарияланды. Ақ үйдегі кездесуде Мемлекет басшысы Вашингтонға сапармен келуге шақырғаны және қазақстандық делегацияға көрсеткен қонақжай көңілі үшін АҚШ Президентіне ризашылық білдірді.

Сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ президенттері Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті.

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Ибраһим келісіміне қосылған бірінші ел екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы АҚШ-қа сапары барысында The Washington Post және The New York Times секілді америкалық танымал басылымдарға сұхбат берді.

 

Соңғы жаңалықтар