Трамп Walmart, Target, Home Depot басшыларымен тариф мәселесін талқылады
АСТАНА.KAZINFORM - Дональд Трамп Ақ үйге ірі тарифтердің бизнеске әсерін талқылау үшін келген үш ірі сауда желісінің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды NBC News.

Жиынға Walmart бас директоры Даг Макмиллон, Target бас директоры Брайан Корнелл және Home Depot бас директоры Тед Декер қатысты.
Кездесуден кейін үш компания «президент Трамппен және оның командасымен нәтижелі кездесу өткіздік» деген мәлімдеме жасады.
Бөлшек саудагерлер үшін тарифтер онсыз да қиын экономикалық жағдайда жаңа қауіпке айналды. Walmart бәсекелестеріне қарағанда жақсы жағдайда екені айтылды. Walmart АҚШ-та сататын тауарлардың шамамен үштен екісі Америкада жасалады, өсіріледі немесе құрастырылады.
Бұл сатушы тауарларды негізінен шетелден сатып алады. Target-тің жылдық кірісі соңғы төрт жылда іс жүзінде біркелкі болды және тарифтер жарияланғанға дейін компания ағымдағы қаржы жылында сатылым өсімін небәрі 1% құрайды деп болжаған болатын.
Бұған дейін жоғары тарифтер АҚШ-та рецессияға әкелуі мүмкін екені хабарланған болатын.