Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік басты миссиясын атады

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлт ретінде алға басу жолындағы кедергіні жеңіп, сапалы ұлт болуымыз қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Бурабайда өткен ұлттық құрылтайда мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

- Біз үшін ешкім елімізді дамытып, көркейтіп бермейді. Қазақстан өз азаматтарымызға, яғни бізге ғана керек. Біз өз мүмкіндігіміз бен күш-қуатымызға арқа сүйеуіміз қажет. Сондықтан ұлт ретінде алға басуға не кедергі болса, соның бәрінен арылып, сапалы ұлт болуға тиіспіз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайда.

Мемлекет басшысының айтуынша, елімізді жаһанға жайылып келе жатқан өзгерістерге дайын болуы тиіс. 

- Қазақстанды кез келген сын-қатерге төтеп бере алатын қуатты мемлекет етуіміз керек. Бұл – менің Президент ретіндегі басты миссиям. Бұл – тұтас ұлтымызға ортақ маңызды міндет, - дейді ол. 

Сондай-ақ Президент ұлттық құндылықтарға қатысты бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық екенін айтты

Соңғы жаңалықтар