Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Тоқаев пен Путин
Фото: Ақорда

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. 

Президенттер сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелерін талқылады, соның ішінде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың табысты жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді.

Осыған дейін Президент Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакты қабылдаған болатын.

Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды.

Президент Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасы достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

 

Соңғы жаңалықтар