10:01, 14 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасына құттықтау жеделхатын жолдады
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
— Президент Рим Папасы XIV Леоны 70 жасқа толуымен құттықтап, оның халықтар арасындағы татулық пен дінаралық диалогты нығайтуға, сондай-ақ толеранттылықты дәріптеуге сіңірген өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Киелі Тақпен ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін жеткізді, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Президент қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтаған еді.