Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның жаңадан сайланған президентін құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Швейцария Конфедерациясының президенті болып сайлануына орай Ги Пармеланға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның жаңадан сайланған Президентін құттықтады
Фото: Ақорда

Құттықтауда Ги Пармеланның көшбасшылық қасиеті мен еліне қалтқысыз қызмет еткенінің арқасында жоғары сенімге ие болып, осынау биік лауазымға қайта сайланғаны жазылған.

— Мемлекет басшысы президенттің жаңа мерзімінде халықаралық қатынастарда маңызды рөл атқаратын Швейцария дамудың даңғыл жолын жалғастыра беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Швейцария халқына бақ-береке тіледі, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар