Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Ақордада қарсы алды

Тоқаев - Си Цзиньпин
Фото: akorda.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Ақордада қарсы алды.

Мәртебелі мейманның сапарына орай Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.

ақорда
Фото: akorda.kz

Осыдан кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.

ақорда
Фото: akorda.kz
ақорда
Фото: akorda.kz

Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді.

ақорда
Фото: akorda.kz

Сонан соң мейман мен Президент құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді. Қытай басшысы құрметті қарауыл бастығымен қоштасты.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшылары шағын құрамдағы кездесуге өтті.

Еске сала кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында күтіп алған еді. Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті. Балалар Төраға Си Цзиньпин бастаған ҚХР делегациясына ілтипат білдіріп, қытай тілінде ән шырқады.

Си Цзиньпин қазақ балаларын Қытайға оқуға шақырды.

Сонымен қатар кеше Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин достық рәуіште кездесу өткізді.

Соңғы жаңалықтар