Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрін Ақордада қарсы алды

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада елімізге ресми сапармен келген Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоны қарсы алды.

Словакия
Фото: Ақорда

Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Роберт Фицо бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Осыдан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсімдер залында сап түзеген құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады. 

Словакия
Фото: Ақорда

Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Роберт Фицо кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. 

Cловакия
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
Словакия
Фото: Ақорда

Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң мейман мен Президент құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді. Құрметті қарауыл бастығымен қоштасты. 

Словакия
Фото: Ақорда

Қазіргі уақытта жоғары деңгейдегі келіссөздер өтіп жатыр. Келіссөздер барысында Қазақстан Президенті мен Словакия Үкіметінің басшысы қазақ-словак серіктестігін кеңейту перспективасын талқыламақ.

Словакия
Фото: Ақорда

Бұған дейін Kazinform агенттігінің аналитикалық шолушысы Қазақстан мен Словакия байланысының көркеюін жан-жақты саралап көрген еді.

Соңғы жаңалықтар