11:04, 16 Қараша 2025 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкенттегі Конгресс орталыққа келді
ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII консультативтік кездесуіне қатысу үшін Ташкенттегі Конгресс орталыққа келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.
Айта кетелік кеше Президент «Келешек мұрасы» халықаралық сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысқан еді.