18:10, 18 Қазан 2023 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев Үрімжі қаласына келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімжі қаласына келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП хатшысы Ма Синжуймен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. Кездесу барысында аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.