Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

МӘСКЕУ. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды
Фото: Ақорда

Внуково-2 әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Мәскеу гарнизонының құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестрі сап түзеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды
Фото: Ақорда

Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес Мемлекет басшысын Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды
Фото: Ақорда

Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Внуково-2 әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Мәскеу гарнизонының құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестрі сап түзеді
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды
Фото: Ақорда

«Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғары мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев мырза, Ресей Федерациясына қош келдіңіз!» — Мәскеу көшелерінде Қазақстан Президентінің құрметіне осындай жазулары бар билбордтар мен LED-экрандар орналастырылды.

Мәскеудегі билбордтар
Фото: Ақорда
Мәскеудегі билбордтар
Фото: Ақорда

Бұдан бұрын хабарланғандай, мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан Президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшты.

Айта кетейік, осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен баратыны хабарланды. Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді.

Сапар аясында екіжақты стратегиялық әріптестік пен одақтастықты дамыту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланады деген болжам бар. Kazinform аналитикалық шолушысы сарапшылармен бірге ықтимал нәтижелерді талдады.

Осыған дейін Песков Қазақстан Президентінің Мәскеуге мемлекеттік сапарына дайындық барысын баяндады.

Сондай-ақ Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары қарсаңында «Российская газета» басылымында Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Вечная дружба – путеводная звезда для наших народов» атты мақаласы жарық көрді.

Соңғы жаңалықтар