11:20, 10 Қыркүйек 2024 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысында жүр
ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді.


Мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралайды.

Сондай-ақ әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысады.
Еске сала кетейік, кеше Президент Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдаған болатын.
Олжас Бектенов еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, егін орағы және су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндады.