Кәсіпкер әйелді өлтіруге жұбайының танысы қатысқан - ОҚО

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының криминалдық полиция қызметкерлері 27 жастағы кәсіпкер әйелдің өліміне қатысы бар деген күдікпен екі азаматты қолға түсірді.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Полцияның хабарлауынша, ұсталғандардың бірі қайтыс болған әйелдің жұбайының танысы болып шыққан.

1 қарашада жәбірленушінің туыстары полицияға хабарласып, оның бір күн бұрын ақша алып келу үшін банкке кетіп, содан қайтып оралмағанын жеткізген. Хабарлама келіп түскен күннің ертесіне Сырдария өзенінен Сол жағалау кентіне жақын маңда тұншықтырылып өлтірілген әйел адамның мәйіті табылды. Жәбірленуші кептірілген жеміс-жидектер сатумен айналысқан. 31 қазан күні оның банктен 600 мың теңге алғандығы белгілі болып отыр. Анықталғандай, 23 жастағы Сарыағаш ауданының екі тұрғыны әйел адамды көлікке отырғызып, тұншықтырып өлтіріп, кейін мәйітті өзенге лақтырып жіберген. Қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды. Жалпы сомасы 450 мың теңге көлемінде ақша тәркіленіп алынды.

Соңғы жаңалықтар