Кәсіпкер Қ.Жамалиевтің ісі Астана прокуратурасына жіберілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің ісі прокуратураға жіберілді, деп хабарлады Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі.
None
None

«Күдіктілер Қ.Жамалиев пен А.Прибытков және олардың қорғаушыларын іспен таныстыру аяқталды. Айыпталу актісімен қылмыстық іс бекітіліп, әрі қарай сотқа жолдау үшін Астана қаласының прокуратурасына жіберілді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің Астана тұрғыны Әліби Жұмағұловты ұрып-соғуы фактісі жұртшылық арасында үлкен жаңғырық туғызуымен байланысты оны тексеру барысы ҚР Бас прокуроры мен ішкі істер министрінің бақылауына алынды. Қ.Жамалиев 2015 жылғы 23 сәуірде ұсталды, 24 сәуірде материалдар тұтқынға алу жөніндегі бұлтартпау шараларын таңдау үшін сотқа жберілді.

Бұдан бұрын, Есіл ауданы прокурорының санкциясымен күдікті Қ.Жамалиевтың тұрғылықты жерінде, сондай-ақ оның қызметтік кеңсесінде үш тінту жүргізілді. 25 сәуірде полиция органдары қылмысқа екінші қатысушы А.Прибытковты (Жамалиевтің жүргізушісі) ұстады.

Сол күні үшінші күдікті А.Әбілтаевқа қатысты бұлтартпау шарасы - тұтқынға алу туралы өтініш келісіліп, іздеу жарияланды.

Соңғы жаңалықтар