Кәсіпкердің отбасын тонап кеткен қос қылмыскер құрықталды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өткен жылдың қараша айында кәсіпкердің отбасын ұрып-соғып, байлап, бағалы заттары мен ақшаларын тонап кеткен қос қылмыскер қолға түсті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қараша айында жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшысының үйіне кіріп, өзін, 1967 жылғы зайыбы мен отыз жасар жолдасын тапаншамен қорқытып, байлап, 25 мың теңгесін, мың рублін, алтын бұйымдары мен ұялы телефонын қолды қылған. Осы оқиғаға сәйкес ҚР ҚК-сінің 179-шы бабы 2-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Арнайы жасақталған жедел топ мүшелері қылмыскерлердің ізін кесіп, «Алдын алу» іс шарасы жарияланды. Қылмысты оқиғаға қатысты деректер жинастырылып, тергеу амалдары жүргізілген. Нәтижесінде күдіктілердің «Ниссан-Махима» көлігімен жүргені, оның Павлодар облысында тіркелгені анықталған. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бұрындары пәтер тонап, жазасын өтеп келген 1991-ші және 1988-ші жылғы азаматтар қолға түсті.

Соңғы жаңалықтар