Кәсіпкерлер палатасы 818,5 млн. теңгенің 150 жобасына қолдау көрсетті - Қызылорда облысы

Жыл басында өңірдің барлық аудандарында Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылған болатын. Бүгінде Орталық кеңесшілерінің қызметі жоғары сұранысқа ие. Осы жылдың 9 айының өзінде 6346 кәсіпкер орталық қызметіне 12500 рет жүгінген.
Мұнан өзге, Палатада кәсіпкерлерге сервистік қызмет те көрсетіледі. Мәселен, облыс орталығындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен аудандағы орталық кеңесшілер жыл ішінде 983 қызмет көрсетуі керек болса, қазірдің өзінде 1544 қызмет көрсетіліп, жоспар 139 пайызға орындалды.
Қызылордалықтар арасында сұранысқа ие бағдарламалардың бірі - «Бизнес-кеңесші» жобасы. Бұл жөнінде Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Дархан Мырзалиев: «Биыл біз 800 қызылордалықты оқытамыз деп жоспарлағанбыз. Бірақ облыс тұрғындарының бұл жобаға сұранысы жоғары болды. Бүгінгі күнге дейін 1458 азамат біліктілігін жетілдірді. Сонымен бірге, «Бизнес-өсу», «Жобалық оқыту» жобалары бойынша да жоспарды артығымен орындадық», - дейді.