Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жыл ішінде 683,8 млн.теңгенің 117 жобасы қаржыландырылды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жылды табысты қорытындылап отыр. Палата заңгерлерінің нәтижелі жұмысының арқасында 190 кәсіпкердің құқығы қорғалып, кәсіпкерлердің 1 млрд.50 млн.теңгесін сақтап қала алды.
None
None

Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады. Жыл басында барлық ауданда ашылған Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары мен Қызылорда қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшілері 7157 кәсіпкерге 15156 қызмет көрсетті. Сонымен бірге, кеңесшілердің сүйемелдеуімен жалпы құны 683,8 млн.теңге болатын 117 жоба қаржыландырылды.

Осы ретте, жыл көлемінде атқарған жұмыстардың қорытындысымен Өңірлік кеңестің бірқатар мүшелері мен Палата қызметкерлері түрлі деңгейде марапатталды. Атап айтқанда: Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Өңірлік кеңес мүшесі Қанағат Сақтағанов пен Шиелі аудандық кәсіпкерлер кеңесінің төрайымы Патима Маханбет мемлекеттік награда - «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Ал елімізде кәсіпкерлік қауымдастықтың беделін арттыруға белсенді атсалысқаны үшін Өңірлік кеңес мүшесі Ғалымбек Жақсылықов пен Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Жанат Матерзаеваға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтің Алғыс хаты, өңірде адами капиталды дамытуға қосқан үлесі үшін кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Жанна Сқақоваға ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің Алғыс хаты, аймақта кәсіпкерлік саласының дамуына қосқан үлесі үшін өңірдің бірқатар кәсіпкерлеріне облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың Алғыс хаты тапсырылды.

Мұнан өзге, палата қызметкерлері облыс әкімінің орынбасарлары мен қала әкімінің және Кәсіпкерлер палатасы директорының марапаттарына да ие болды.

Соңғы жаңалықтар