Кәсіпкерлер пайдаланбаған жер үшін 123 млн. теңге салық төлейтін болды - Қостанай

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық жер пайдалануды бақылау және қорғау басқармасының басшысы Нұрлан Абдуовтың айтуынша, облыс өңіріндегі күтілмей тасталған жер телімдері үшін кәсіпкерлер 123 миллион теңге салық төлейтін болды.
None
None

Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Биыл Қазақстан Республикасының Жер туралы кодексінің нормалары күшіне енді. Онда пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлеріне салықты жергілікті атқару билік он есе көтеруіне мүмкіндік берілген. Ал мұндай жерлер облыста - 222,7 мың гектар, ол 322 жер телімі болып саналады. Осы жерлерден көтеріңкі бағамен есептелген салық туралы мәлімет облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді.

Облыстық жер пайдалануды бақылау және қорғау басқармасының басшысы Нұрлан Абдуов: «Қазір ауыл шаруашылығы мақсатына пайдаланбай жатқан тағы да 10 мың гектардан аса жер туралы есеп дайындалуда. Оны да облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне жіберетін боламыз», - деді.

Сонымен қатар, Нұрлан Абдуов 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, тағы да Жер туралы кодекске енгізілген толықтырулар күшіне енетіндігін айтты. Онда құрылыс мақсатына белгіленген жерлер пайдалануда немесе пайдаланбаған жер телімі жөнінде де заң бұзушылыққа барған кәсіпкерлер салықтың базалық мөлшерін он есе артық төлейтіндігі айтылғанын хабардар етті. Қостанайда құрылысқа арналып берілген жер телімдеріне тексеру жүргізуді ұсынды.

Соңғы жаңалықтар