Кәсіпкерлер үйі шағын бизнестің көсегесін көгертуге өз үлесін қосып отыр

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қармақшы ауданында өзге өңірлерде кездесе бермейтін "Кәсіпкерлер үйі" бар. Шағын және орта бизнесті қолдаудың нақты көрінісі болып табылатын мекемеде сан-алуан кәсіппен айналысушылармен жүздесесіз.
None
None
Бүгінгі таңда аталған салада 3,5 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Аудандағы несие серіктестіктері мен қаржылай қолдау қорлары, банктер арқылы жергілікті кәсіпкерлерге өткен жылы 350 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Осындай жан-жақты қолдаудың нәтижесінде жұмысын жандандырып отырғандардың бірі ? "Жәмила" өндірістік кооперативі. Кооперативтің "Кәсіпкерлер үйінде" орналасқан тігін цехы тұтынушылар талғамына сай қызметімен ерекшеленеді. Мұндағы өндіріс орындары мен тұрғындардың сұранысын сапалы да уақытылы орындап, көпшілік ықыласына бөленіп келеді. Сонымен бірге денсаулық сақтау мекемелерінің тапсырыстарын орындап, халық тұтынатын тауарларды да саудаға шығарады. Кооперативтің ағаш өңдейтін цехтары бар, құрылыс жұмыстарымен де айналысады. Құрылыс нысандарының тапсырысы бойынша қызмет жасайды, күрделі жөндеу жұмыстарын атқарады. Аудан мектептері мен мәдениет үйлерін, кітапханаларды ағымдағы және күрделі жөндеу, жылу жүйелерін жүргізу, тұрғын үй салу мекеменің негізгі қызметіне айналды. Жосалы кентіндегі көшелерге тас төсеп, тегістеп, жөндеу жұмыстарын да өз күшімен атқарады. Өткен жылы бұрынғы тұрмыс қажетін өтеу комбинатының ғимаратына 10 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізді. Нәтижесінде ғимарат "Кәсіпкерлер үйі" болып қайта жарақтанды. Енді ауданның іскер азаматтары осында бас қосып, жаңа бизнес жобалар жасауға, түрлі кеңестер алуға мүмкіндік алды. Мұндағы "Қорқыт елі" несие серіктестігі өз әріптестеріне әрдайым қолдау көрсетіп отыр. ? Құрылымның іргетасы қаланғанына он жылдан асты, ? дейді мекеме директоры Әзиз Шоқпаров. ? Бірнеше кәсіппен айналысқанымыздың нәтижесінде өндіріс аяғынан тұрып кетті. Бұл күндері түрлі нысандардағы жұмыстарымызды сапалы орындауға күш жұмылдырып келеміз. Нарыққа бекем бейімделген "Жәмила" кооперативінің он екі ай жұмысы қызып жатады. Жергілікті кәсіпкерліктің көшбасшысы саналатын ол ауданның өркендеуіне елеулі үлес қосып келеді.
Соңғы жаңалықтар