Кәсіпкерлерді қолдайтын жаңа бағдарлама іске қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес құрылымдары орта бизнестегі кәсіпорындарды қолдау бойынша жаңа бағдарламаның басталғаны жөнінде жариялады.
None
None

Холдинг пен оның еншілес компанияларының басшылары, Қазақстан кәсіпкерлері ұлттық палатасының өкілдері мен Жамбыл облысы әкімдігінің қызметкерлері бағдарламаға қатысу үшін шарттарды түсіндіру мақсатында жергілікті кәсіпкерлермен бас қосты. Осындай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта бүкіл республика өңірлерінде өткізілетін болады.

Холдинг өкілдерінің сөзіне қарағанда, бағдарламаға өз өнімдерін экспорттаған, сәйкестенген кірісі, өсім қарқыны мен тұрақты қаржы көрсетіштеріне ие орта бизнестегі кәсіпорындар қатыса алады.

Экономика секторлары ішінде басымдық машинақұрылысы, тамақ өнеркәсібі мен құрылыс заттарын өндіру салаларына беріледі.

Бағдарлама «Бәйтерек» холдингінің еншілесі құрылымдары - «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «Қазына капитал менеджмент» АҚ және «Қазэкспортгарант» АҚ арқылы жүзеге аспақ.

Аталған институттардың әрқайсысы бағдарламаны жүзеге асыру үшін өз қолдау құралдарын ұсынады. Олардың ішінде - тікелей несиелеу, лизингтік келісімдерді қаржыландыру, пайыз мөлшерақыларын субсидиялау, экспорттық сақтандыру, экспорт алдындағы қаржыландыру мен сауда үрдістерін қаржыландыру және инновациялық гранттар бар. Сөйтіп, Бағдарлама «бір терезе» ұстанымы бойынша орта бизнестегі кәсіпорындарға кешенді қолдау жасауға жол ашады.

Бағдарламаның жүзеге асуы нәтижесінде өңірлік және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті бола алатын компанияларды құру мен шикізатты емес экспорт пен импорттыалмастырудың қарқынына қол жеткізу жоспарланып отыр. Мұнымен қоса, нәтижесінде еңбек өнімділігі мен салық түсімін, сондай-ақ ішкі жалпы өнім көрсеткішін жоғарылататын жоғарытехнологиялық және энергоүнемді өндірісті дамыту алға қойылған.

Холдинг пен оның еншілес құрылымдарының басшылары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері мен облыстық әкімшіліктің қызметкерлері мұндай кездесуді Қазақстанның әр аймағында өткізуді жоспарлап отыр. Келесі кездесу Алматы қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар