Кәсiпкерлердi тексеру әдiстемесi өзгертiледi - Т. Жақсылықов
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика вице-министрi Тимур Жақсылықов мәлiм еттi.
Ол бойынша ендi 2015 жылдың екiншi жартыжылдығынан бастап, кәсiпкерлердi тексеру өзге жолмен жасалмақ.
"Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» 2014 жылғы 27 ақпандағы № 757 Жарлығын әрі қарай орындау шеңберінде 2015 жылдың сәуір айына дейін бақылаушы мемлекеттік органдарда тәуекелдерді бағалау жүйесін ұйымдастырудың жаңа әдістемесі әзірленіп, Президент Әкімшілігіне енгізіледі. Әдістеме жобасы бүгінгі күнге әзірленген және осы мақсатта арнайы құрылған, барлық мүдделі органдар мен ҰКП өкілдері кірген жұмыс тобымен пысықталуда.
Аталған әдістеме негіздемелік сипатқа ие және салалық ерекшелікті ескере отырып, әрбір мемлекеттік бақылау-қадағалау органының ведомстволық тәуекелдерді басқару жүйелерін әзірлеуі үшін негіз болады. Бұндай ТБЖ 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында әзірленуге тиіс", - деп атап өттi вице-министр.
Оның сөзiне қарағанда, Заңға сәйкес жоспарлы тексерулер осы жылы жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын субъектілерге қатысты және 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана жүргізілетін болады.
Осы кезеңнен кейін тәуекелдерді бағалаудың жаңа жүйелеріне ауысу жүзеге асырылады.
"Іс жүзінде 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында кәсіпкерлерге қатысты заңды және жеке тұлғалардың шағымдары мен өтініштері бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілуі мүмкін, ал екінші жартыжылдықтан бастап ТБЖ негізіндегі тексерулер олар әзірленетін салаларда ғана және әлеуетті бұзушыларға қатысты ғана әзірленетін болады", - дейдi ол.
Вице-министрдiң ойынша, адам факторын алып тастау және жемқорлық тәуекелдерді төмендету үшін мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін кезең-кезеңмен автоматтандыру қажет.
"Осыған байланысты осы жылы Бас прокуратурамен бірлесіп автоматтандыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін бақылаудың барлық салаларына толық талдау өткізу жоспарланып отыр", - дедi Т. Жақсылықов.
Ұлттық банкпен бірлесіп тексерулерге балама ретінде кәсіпкерлік субьектілерінің жауапкершілігін сақтандыру мүмкіндігін көздейтін заң нормаларын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірленеді. Сақтандыру қолданылуы мүмкін салаларға талдау жүргізіледі, тиісті есептеулер жасалады және Үкіметпен мақұлданған жағдайда тиісті заңнамалық өзгерістер көзделеді.
"Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және сарапшылық топпен бірлесіп жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде тексеруге жататын талаптарды қысқарту үшін қойылған талаптарға тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша 5 228 талаптың ішінде 1 810 талап немесе талаптардың жалпы санының 34,6%-ы қысқартылды", - деп түйдi сөзiн ол.