Кәсіпкерлік саласында 34 рұқсат беру қағазы заң бойынша мүлде жойылған - Ұлттық экономика министрлігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы наурызда рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері жөніндегі ҚР Заңы қабылданды. Бұл заңнамалық құжат кәсіпкерліктің дамуына, бизнестің жандануына және оның қызметін кеңейтуге әсер етеді. Заңның қабылдануына байланысты, кәсіпкерлік саласында 34 рұқсат беру қағазы заң бойынша мүлде жойылған екен.
None
None

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева мәлім етті.

Департамент директорының айтуынша, үкімет әкімшілік кедергілерді жою мақсатында бизнес ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікті қолдау бойынша жүйелі жұмыс атқаруда. 

«Кәсіпкерлікті дамыту - бұл еліміздің экономикасы мен халықтың әл-ауқатына әсер ететін ең маңызды фактордың бірі. 2016 жылы кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу жүйелендірілді. Өзін-өзі реттеу институты енгізілді. Рұқсат беру құжаттары екі есе қысқарды. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлік кодекс әрекет етеді. Кәсіпкерлік кодекс пен Қазақстандағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілеттіліктің рөлін күшейту бойынша шаралар қабылданды. 2016 жылы наурызда рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері жөніндегі ҚР Заңы қабылданды. Осы заңға сәйкес, кәсіпкерліктің дамуына, бизнестің жандануына және оның қызметін кеңейтуге әсер етеді. өйткені, осы заң бойынша рұқсат беру жүйесі елу пайызға қысқарды. Бұл дегеніміз 34 рұқсат беру қағазы заң бойынша мүлде жойылғанын, 14 рұқсат беру ескертпе тәртібіне ауыстырылғанын білдіреді. Оңтайландыру аясында 105 рұқсат беретін құжаттар алынып тасталды», - деп мәлім етті Ғ.Жолдыбаева.

Соңғы жаңалықтар