Кәсіпкерлікті барынша қолдай отырып, біз өндірісті тиімді орналастыру ұстанымын басшылыққа алуға тиістіміз - Елбасы

ЕКАТЕРИНБУРГ. 11 қараша. ҚазАқпарат - Кәсіпкерлікті барынша қолдай отырып, біз өндірісті тиімді орналастыру ұстанымын басшылыққа алуға тиістіміз. Бұл туралы бүгін ҚР мен РФ аймақаралық ынтымақтастығының 10-шы мерейтойлық форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None
Елбасының атап өтуінше,Қазақстан индустриялық- инновациялық дамудың алғашқы бесжылдығы ішінде экономиканың мүлдем жаңа салаларында инновация енгізу және игеру үшін база қалыптастырып отыр. Бүгінгі таңда инновациялық индустриялық бесжылдықтың бағдарламасын дайындау қарқынды жүргізілу үстінде. «Бірыңғай экономикалық кеңістік үш елдің әлеуетін еселей түсті. Ендігі уақытта біздің бизнес елдің ішкі ресурстарына ғана емес, сонымен бірге Ресей мен Беларусьтағы әріптестерімізге де арқа сүйей алады. Кәсіпкерлікті барынша қолдай отырып, біз өндірісті тиімді орналастыру ұстанымын басшылыққа алуға тиістіміз», - деді Н.Назарбаев. ҚР Президентінің айтуынша, үш елдің басты мақсаты - бизнес үшін барынша жағдай жасау әрі қорытынды нәтижеде Қазақстан, Ресей және Беларусь аумағында бірлесіп өндірілген өнімді әлемдік нарыққа шығару болып табылады. Бұл Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі қарсаңында да барынша өзекті.
Соңғы жаңалықтар