«Кәсіпқор» холдингі Қазақстан колледждеріне халықаралық тәжірибелер енгізуде

деп хабарлады «Кәсіпқор» холдингі» АҚ-ның басқарма төрайымы Аяна Манасова pm.kz сайтына берген сұхбатында.
«Оқу бағдарламасына еліміздің барлық өңіріндегі колледждердің директорлары мен оқытушылары қатысуда. Оларды қабылдайтын «Наньянг Политекник» оқу орны Сингапурдегі ең үлкен колледж болып табылады және онда 16 мыңға жуық студент білім алады»,- деді А.Манасова.
Ол колледждегі оқу жүйесі қазақстандық жүйеден өзгеше. «Наньянг Политекник» колледжінің оқытушылары нақты өндірістің өкілдері болып табылады, яғни олар өндірісте ең жоқ дегенде 5 жыл жұмыс істеуге міндетті.
«Бағдарламаның шарты сол, біз шетелден алып келген тәжірибені тарату мүмкіндігіне ие колледждердің ғана өкілдерін таңдаймыз», - деп атап көрсетті «Кәсіпқор» басшысы. Оған қоса, әрбір қатысушы өз тәжірибесімен 5 маманмен бөлісуі және өз колледжінде 2 бастаманы тәжірибеге енгізуі керек.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, 2012 жылдың мамыр-маусым айларында еліміздің кәсіптік-техникалық жүйесінің 60 өкілі Сингапурде оқып келді.
Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжінің директоры Төлеуғали Тайтүлеев осы бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне ие болғандардың бірі.
Колледж басшысы «Наньянг политехник» колледжінде екі апта оқып келді. «Екі апта бойы біз түскен дейін менеджмент, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін басқару жүйесі, зертханалар бойынша дәрістер тыңдадық, ал түстен кейін колледж базасындағы зертханалармен және өндірістік кабинеттермен таныстық»,- дейді Т.Тайтүлеев.
Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжінің педагогикалық кеңесінде оқу жоспарларын қайта қарау, жаңа оқу жоспарларын жасауға тығыз атсалысуға жұмыс берушілерді шақыру туралы шешім қабылданды. «Сингапур тәжірибесі бойынша оқу жоспарына екі жаңа пән: механотроника және өнеркәсіптік дизайн пәндерін енгіздік»,- деді колледж директоры өз сөзінде.