09:29, 06 Сәуір 2019 | GMT +5
Кәсіпқой бокс: Әлемнің вице-чемпионы Сұлтан Зауырбек қарсыласын нокаутпен жеңді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшысы Сұлтан Зауырбек өзінің кәсіби рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА сілтеме жасап.

22 жастағы Заурбек (5-0, 3КО) танымал МТК Global промоутерлік компанияның өкілі. Ол алтыншы жекпе-жегін БАӘ-де қытайлық Чен Хунтаоге (7-5-1, 5КО) қарсы өткізіп, бесінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді.
Еске сала кетейік, 23 ақпанда Сұлтан Зауырбек Лондондағы York Hall аренасында екінші орта салмақтағы болгар боксшысы Любена Тодоровке (6-4, 2 КО) қарсы жұдырықтасып, оны да нокутпен жеңген болатын.
Айта кететін жайт, Сұлтан Зауырбек - 2014 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.