Кәсіпқой бокс: Нұртас Әжбеновтың келесі қарсыласы анықталды

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының ВКонтакте парақшасында жарияланғандай, қазақстандықтың қарсыласы - 20 жастағы ресейлік Борис Шикунов. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа есептеліп отыр.
«26 сәуір күні Әжбенов Лондонда Чехияның атынан шығып жүрген армян жігіті Хамо Аперянмен (2-1, 2КО) айқасқа шығуы керек болатын. Алайда бұл кездесу соңғы сәтте кейінгі ысырылды», - делінген хабарламада.
Нұртас Әжбеновтың мүддесін Қазақстан боксшыларымен белсенді түрде жұмыс жүргізіп жатқан MTK Global компаниясы қорғайды.
Еске сала кетсек, Нұртас Әжбенов төртінші жекпе-жегін Уэльстің Кардифф қаласында өткізген еді. Алты раундтық жекпе-жекте оның қарсыласы 25 жастағы британдық боксшы Крис Адавей (8-50-4, 1 КО) болды. Кездесу ұпай саны бойынша Әжбеновтің айқын басымдығымен аяқталды. Есеп - 60-53. Екінші раундта ол қарсыласын нокдаунға жіберген еді.