Кәсіподақ өкілдері ресми статистикадағы мәліметтерге сенімсіздік танытуда

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясының кезекті ХХІІ съезінің қатысушы делегациясымен кездесуі барысында кәсіподақ өкілдері статистика саласындағы олқылықтарды алдыға тартты. Сонымен бірге, кәсіподақ басшылары мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру мәселесін көтерді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізде мемлекеттік статистика туралы арнайы заң бар болғанымен, бұл саладағы есептеулер әдісі, оның ішінде жекелеген салалардың орташа айлық жалақысын есептеу тәсілдері үлкен түсінбеушілік тудырады. Бұл ретте мәдениет қызметкерлерінің орташа жалақысын есептеу әдісі де мүлдем қисынсыз. Мәселен, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысындағы мәдениет қызметкерлерінің орташа жалақысы республикамызда бірінші орынға шығыпты. Сөйтсек, олардың орташа жалақысы футболшылардың қаламақысымен қоса есептеліп, 92 мың теңгені құрайды деп көрсетілген екен. Шындығын айтқанда, бұны айтудың өзі ұят, мәдениет қызметкерлерінің орташа жалақысы осылай болуы мүмкін де емес», деді Мәдениет саласы қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Светлана Шалахметова. Оның айтуынша, қазіргі таңда республика бойынша ең төменгі жалақының бірін осы мәдениет саласының қызметкерлері алып отыр.

Сонымен қатар, кәсіподақ өкілі алдағы уақытта ел бюджеті талқыланар тұста ең төменгі еңбекақы деңгейі мен ең төменгі күнкөріс деңгейіне қатысты депуттардан бірқатар мәселеге назар аударуын өтінді. «Жалпы, Мәжіліс депутаттары кәсіподақ өкілдерін қатыстыра отырып, бұл туралы парламенттік тыңдау өткізсе дұрыс болар еді», деді С. Шалахметова.

Сонымен бірге, өңірлер бойынша Статистика агенттігінің есептеген мәліметтерінен олқылықтарды алдыға тартқан кәсіподақ өкілдері, бірқатар алшақтықтардың нақты орын алып отырғанына назар аудартты. Мәселен, орташа жалақының номиналдық көрсеткіші бойынша Маңғыстау облысы бірінші орында тұр екен. Алайда, ресми статистика бойынша аталған өңірде табысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен аз жұртшылық саны 24,5 пайызды құрап, бұл жөнінен де бірінші орынға көтерілген болып отыр.

Соңғы жаңалықтар