Кәсіподақ Рыспаевтың хоккей лигасына оралуына көмектесуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ойыншылар және бапкерлер кәсіподағының басшысы Андрей Коваленко ұйымның астаналық «Барыс» командасының қорғаушысы Дамир Рыспаевқа IIHF  (Халықаралық мұздағы хоккей федерациясы) аумағындағы мерзімсіз дисквалификациясын алып тастауға көмектесуге кіріскендігін мәлім етті, деп хабарлайды sports.kz .

«Дамир өзі жіберген қателігін мойындайды. Ол бізден бірлесе отырып, клуб үшін, Қазақстанның ұлттық құрама командасы үшін ойнау құқығын қайтарып алуға көмектесуімізді сұрады. Яғни, IIHF аумағындағы кәсіби ойыншы ретіндегі құқығын қайтарып алғысы келеді. Кәсіподақ өмір бойғы шеттетуді алып тастау жөніндегі өтінішпен  ҚХЛ-ының тәртіптік комитетіне жүгінді. Мұндай өтінішті «Барыстың» басшылығы  да білдірді. 19 қыркүйек күні тәртіптік комитеттің келесі отырысы өтеді. Оң шешім қабылданатынынан үміттенеміз», - деді Коваленко Russia-Hockey-ге берген сұхбатында. 

Соңғы жаңалықтар
telegram