Кәсіподақтар 2,8 млн қазақстандықтың жұмыс орнын сақтап қалуына ықпал етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіподақтар 2,8 млн қазақстандықтың жұмыс орнын сақтап қалуына ықпал еткен. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен ҚР Кәсіподақтар федерациясының кезектен тыс XXV съезінің қатысушыларына құттықтау сөзінде мәлім етті.

Кәсіподақтар 2,8 млн қазақстандықтың жұмыс орнын сақтап қалуына ықпал етті

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова оқып берген болатын. Өз сөзінде Мемлекет басшысы Қазақстан қоғамындағы кәсіподақ қозғалысының үлкен беделін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде қазақстандық кәсіподақ ұйымдары еңбеккерлер құқықтарын табысты қорғап, еңбек жағдайы мен қауіпсіздікті жақсартып келеді.
null  

«Біздің басты ұранымыз «Тұрақты кәсіпорын - тұрақты қоғам - тұрақты ел» деп аталады. Тұрақтылық кез келген қоғамның басты құндылығы болып саналады. Егер қызметкер кәсіпорынның тұрақты дамып жатқанын, өзінің әлеуметтік тұрғыда және заң жүзінде қорғалғанын сезсе, отбасында да барлығы жақсы болады. Бұл өзара байланысты үдеріс», - деген еді Бақытжан Әбдірайым ҚР Кәсіподақтар федерациясының съезінде.
null 

Сондай-ақ жиында Қазақстанның бірқатар өңірлерінен келген түрлі салалардағы кәсіподақтардың өкілдері - «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы Нұрлыбек Жұмаш,  «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жұмыскері  Анар Нұғманова, Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық білім бөлімінің әдіскері Николай Смолин мен Жамбыл облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Мейрамбек Төлепберген сөз сөйледі.  

 Бұған дейін хабарлағанымыздай, жалпы ҚР Кәсіподақтар федерациясы съезінің жұмысына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мен Халықаралық еңбек ұйымының Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі Талғат Өміржанов, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі салалық кәсіподақ ұйымдары атынан 200-ден астам делегат қатысуда.