Қаскөйлер бетіне қышқыл шашып жіберген велосипедшіні өрт сөндірушілер құтқарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде Лондондағы полиция қызметкерлерінің бетіне химиялық қышқыл шашып жіберген жасөспірімге алғашқы көмек көрсетіп жатқаны туралы жантүршігерлік фотосуреттер пайда болды.
Бүгін таңертең сағат 10 шамасында 17 жастағы жігіт Кенсингтон сарайының жанынан велосипедпен өтіп бара жатқан кезінде оған шабуыл жасалған.
Daily Mail мәліметінше, жігітке дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Фотосуреттерде өрт сөндірушілердің жігіттің сумен жуынуына көмектесіп жатқандығы көрсетілген. Осыдан кейін ол ары қарай ем алу үшін ауруханаға жеткізілді.
Бұл химиялық қышқылмен жасалған шабуыл - Лондонда соңғы бірнеше айда екінші рет қайталанып отырған кезекті қылмыстық оқиға. Мұндай қылмысқа төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.