Kaspi bank пен «Sulpak» компаниясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

АЛМАТЫ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Халықты несиелендіру саласындағы көшбасшы қаржы құрылымдарының бірі - «Kaspi bank» пен еліміздегі ірі сауда желілерінің бірі саналатын «Sulpak» компаниясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Банк ай сайын ел тұрғындарына техникалар иеленуге, білім алу мен өмір сүру сапасын жақсартуға 25 мыңға жуық несие береді. Бұл көрсеткіш енді 2 есеге дейін ұлғаяды деп жоспарланып отыр. Бұған дейін олар еліміздің «Электроника әлемі», «Технодом», «Алсер» тәрізді ірі сауда желілері мен «Белый ветер», «Мечта» сияқты басқа да аймақтық сауда желілермен жұмыс жасап келген болатын. Кaspi bank бұл келісімнің нәтижесінде енді еліміздің барлық өңірлерінде ғана емес, бүкіл қазақстандық сауда желілерінде жұмыс жасайтын бірегей қаржы институтына айналып отыр. Банктің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзенің айтуынша, «Sulpak» компаниясымен ынтымақтастық клиенттермен байланыста маңызды қадамдардың бірі болмақ. Тұрмыстық техникалар мен электроникалық тауарлар сатуда республикадағы жетекші дүкендер желісімен серіктестік болу арқылы банк нарықтағы үлесін арттырып, несиелендіру көлемін ұлғайтуға жаңа мүмкіндік алады. Банктің 2 мыңдай серіктесінің біріне айналған «Sulpak» компаниясының атқарушы директоры Олег Райковтың пайымдауынша, ең үлкен филиалдар желісі бар қаржы институтымен ынтымақтасу арқылы олар да өздеріне жаңа тұтынушылар тартып, сауда көлемін 15-20 пайызға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда статистика бойынша «Sulpak» компаниясы дүкендер саны, тауарлардың түрі мен жеткізушілердің сервистік қызметі жағынан еліміздегі сауда желілері арасында алдыңғы қатарда тұр.
Соңғы жаңалықтар