16:21, 28 Тамыз 2017 | GMT +5
Kaspi банк терминалын алып кетпекші болған ұры Теміртауда ұсталды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртаулық полиция қызметкерлері дүкен сөресін сындырып, «Kaspi bank» терминалын ұрлап кетпекші болған ұрыны ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Полиция қызметкерлері қылмыс орнына дер кезінде келіп жетті.
«Дүкен және банк әкімдігінен шағым түскеніне қарамастан, тәртіп сақшылары ұрыны ұстады», - деді Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.