Kaspi bank-тің күн сайынғы тұтыну несиелерінің көлемі 1 миллион долларға жетті

АЛМАТЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кaspi  bank-тің күн  сайынғы тұтыну несиелерінің көлемі орта есеппен 155 миллион теңгені немесе 1 миллион долларды құрауда,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш қаржы құрылымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамыр айында бұл банктен қазақстандықтар 26 мың тұтыну несиесін алған болатын. Маусым айында ол 30 мыңға жетті.  Несие алуға келген тұтынушылардың әрбір екіншісі өз тілегіне қол жеткізуде. Банктің басқарушы директоры Павел Мироновтың айтуынша, қазір онда «Өз төлеміңе  несие бойынша демалыс бер» деп аталатын акция жүріп жатыр. Тамыздың 20-сына дейін созылатын бұл шара кезінде жаңа несие рәсімдеген клиент алғашқы төлемін екі айдан кейін ғана төлеуге мүмкіндік алады.

 Жалпы банкте соңғы 1,5 жылдың ішінде рәсімделген несиелердің ішінде ең алдымен өмір сүру сапасын арттыратын тауарларға деген  сұраныс өте жоғары. Оның ішінде - теледидар, мұздатқыш, кір жуу машинасы, жиһаз сияқты тұрмыстың заттардың үлесі басым. Сондай-ақ балалар жиһазына деген мұқтаждық да айтарлықтай деңгейде өсіп келе жатыр.   

Соңғы жаңалықтар