«Каспий итбалығы» ескерткіш күміс монетасы айналымға шықты

АЛМАТЫ. 13 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі «Қазақстанның фаунасы мен флорасы» монеталар сериясын Каспий итбалығымен толықтырды. Номиналы 500 теңгелік, «рroоf» сапалы ескерткіш күміс монетасы бүгін айналысқа шықты.
None
None
Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа монетаның нысаны сопақша. Бет жағында жүзіп бара жатқан итбалықтың және күннің бейнесі. Жоғарғы бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу, сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Төменгі бөлігінде сопақшаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және монета дайындалған металдың сынамын білдіретін «Ag 925 24 g» деген жазу жазылған. Сырт жағының ортасында мұздақтардың арасында Каспий итбалығы баласымен және алтын жалатылған күн бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде сопақшаны айналдыра мемлекеттік тілде «КАСПИЙ ИТБАЛЫҒЫ», түрдің латынша атауын білдіретін «PHOCA CASPICA» деген жазба, төменгі жағында соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан бар. Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Сопақшаны айналдыра шығыңқы жиек. Қыры бедерленген. 925 сынамды күмістен жасалған бұл монетаның салмағы - 24 грамм, сопақша 38,61 х 28,81 мм., дайындау сапасы - «proof», таралымы - 5 мың дана.
Соңғы жаңалықтар