Каспий құбыр консорциумы Қазақстаннан 56 млн тонна мұнай тасымалдады
Каспий құбыр консорциумының құбырымен өткен жылы Қазақстан Республикасының аумағынан 56 млн 051 мың 967 тонна, Ресей Федерациясынан 7 млн 421 мың 927 тонна мұнай тасымалданған, деп хабарлайды Kazinform.
Консорциумның Телеграм арнасындағы мәліметке қарағанда, былтыр Қара теңіз жағалауындағы терминалдан 63 млн 473 мың 894 тонна мұнай жөнелтілген. Сөйтіп, 2022 жылғы көрсеткіштен 4 млн 762 мың 749 тоннаға артқан.
«2023 жылдың қараша-желтоқсан айларында қолайсыз ауа-райына қарамастан, консорциум танкерлерге мұнай құюды бірнеше рет тоқтатуға мәжбүр болды. Былтырғы жылы 578 танкер жөнелтілді. Құбырмен Қазақстан Республикасының аумағынан CPC Blend маркілі 56 млн 051 мың 967 тонна, Ресей Федерациясының аумағынан 7 млн 421 мың 927 тонна мұнай тасымалданды», - деп хабарлады консорциумның баспасөз қызметі.
Каспий құбыр консорциумының құбыр желісімен мұнайдың ең үлкен көлемі Қазақстан аумағынан тасымалданған. Мәселен, Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнынан 27 млн 463 мың 081 тонна, «Қашаған» кен орнынан 17 млн 897 мың 972 тонна мұнай жеткізілген. Ал, Батыс Қазақстан облысының аумағындағы «Қарашығанақ» тасымалданған мұнай – 9 млн 619 мың 452 тонна.
«Консорциумның «Теңіз-Новороссийск» мұнай құбырымен 2001 жылдан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін әлемдік нарыққа 888 млн 076 мың 899 тонна мұнай жеткізілді», -деп мәлім етті консорциумның баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын «Теңіз-Новороссийск» құбырымен мұнай тасымалдау үш күнге неге тоқтатылғанын хабарлаған едік.
Кейін Каспий құбыр консорциумы Қазақстанға 3,9 млрд теңге салық төлегенін жазған болатынбыз.