Каспий құбыр консорциумы мұнай тасымалын уақытша тоқтатты
АСТАНА. KAZINFORM – Каспий құбыр консорциумы Теңіз терминалы аумағындағы метеорологиялық жағдайға байланысты мұнайды тиеу уақытша тоқтатылды.
— КҚК Теңіз Терминалы аймағындағы метеорологиялық жағдайға байланысты консорциум 29 желтоқсанда мұнай тиеу жұмыстарын уақытша тоқтатты. Дауыл басылғаннан кейін, тасымалдау қайта басталады, - делінген Каспий құбыр консорциумы баспасөз қызметінің мәліметінде.
Сонымен қатар сол күні шикізат қоймасының толуына орай мұнай қабылдау да уақытша тоқтады. Бұл тұрғыда жүк жөнелтушілерге терминалдағы жағдай бойынша хабарлама жолданды.
Терминалда мұнай тасымалдауды қалыпты режимге көшіруге қатысты ақпарат қосымша хабарланады.
Еске салсақ, желтоқсан айының басында ҚР Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) инфрақұрылымына жасалған дрондардың шабуылынан кейін Қашаған кен орнынан өндірілетін мұнайдың экспорттық бағыттарын қайта қарауға кірісті.