Каспий құбыр консорциумында жөндеу жұмыстары әлі басталған жоқ - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Каспий құбыр консорциумы бойынша жөндеу жұмыстары әзірге басталмады. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Каспий құбыр консорциумы бойынша жөндеу жұмыстары әзірге басталмады. Ресейлік әріптестеріміз ауа райына байланысты теңіздің түбіне түсуге мүмкін болмай тұрғанын айтып жатыр. Сол бепті олар сәуір айының ішінде бүкіл жұмыстарды аяқтауға барлық мүмкіндігін салатынын уәде беріп отыр. Атап айтқанда, атқарылатын жұмыстар анықталды. Дегенмен, жұмысшылар бригадасы судағы жұмыстарды жүргізе алмай жатыр», - деді Б. Ақшолақов Мәжілісте тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол алдағы аптада ресейлік әріптестерімен келіссөз жүргізуді жоспарлап отырғанын айтты.

Қазақстандық делегация Ресейге барып, консультация жүргізеді.

«Сонымен қатар, жөндеу жұмыстарын жүргізетін мамандар да керек. Сондықтан консультация техникалық мамандар басшылығы деңгейінде жүріп жатыр. Біздің мамандар тиісті кездесу өткізу үшін Мәскеуге барды. Қосымша ақпаратты тағы да хабарлаймын», - деді ведомство басшысы.

Еске салсақ, наурыз айының соңында Қара теңіздегі дауылдың салдарынан Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесіне зақым келді.

Бұл Қазақстанның мұнай өндіру көлемі қысқаруына алып келуі мүмкін екені айтылды. Кейін ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр консорциумындағы жағдайды баяндады.


Соңғы жаңалықтар