Каспий табаны арқылы өтетін оптикалық кабельдің үлгісі әзірленіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Бағдат Мусин Үкімет отырысында Каспий табаны арқылы тартылатын оптикалық кабель қашан әзірленіп бітетінін мәлім етті. 

Каспий табаны арқылы өтетін оптикалық кабельдің үлгісі әзірленіп жатыр
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

— 2025 жылы Каспий түбімен оптикалық кабель төсеуге бағытталған стратегиялық жобаны іске асырып бастадық. Бас мердігер таңдалды, ол қытайлық ірі компания. Қазақстан мен Әзербайжан тарапынан теңіз зерттеулері де аяқталды. Кабельдің жобалық үлгісі әзірленіп, зауытта сынақтар жүргізіліп жатыр. Тиісті құрал-жабдықтар сатып алынды, — деді ол.

Айтуынша, кабельді төсеу жұмыстары 2026 жылдың жазында аяқталуы керек.

— Жақында зауытта кабельді құрастыру басталады. Келесі жылдың мамыр айына дейін кабель Каспий теңізіне дейін жеткізіледі. Төсеу жұмыстарын жаздың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, — деді Бағдат Мусин.

Айта кету керек, Үкіметтің бүгінгі отырысында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары пысықталып жатыр

Соңғы жаңалықтар