Каспий теңізі акваториясында жер сілкінді

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтаудан 350 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Әзербайжанның Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығына сілтеме жасап.
None
None

3 тамызда Әзербайжанның Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы Каспий акваториясында 24 шақырым тереңдікте магнитудасы 3,1 балл болатын жерасты дүмпуін тіркеді. Жер сілкінісі орын алған аумақтың координаттары - 40.50 N, 51.87 E.

Жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар туралы ақпарат түскен жоқ.



Соңғы жаңалықтар