Каспий теңізі мәртебесін реттеу Қазақстан үшін стратегиялық маңызды мәселе - Ержан Қазыханов

ТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Каспий теңізі мәртебесін реттеу Қазақстан үшін стратегиялық маңызды мәселе.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі арнайы жұмыс тобының 30-отырысында ҚР СІМ Ержан Қазыханов мәлім етті.

«Каспий теңізі мәртебесін реттеу және халықаралық саяси, экономикалық, сондай-ақ мәдени ынтымақтастықты құқықтық режимінде құру Қазақстан үшін стратегиялық маңызды мәселе болып қала береді», деп атап өтті министр.

Оның пайымдауынша, Каспий проблематикасы кешенді әрі көп қырлы мән- мағынаға ие болып отыр және біріншіден, аумақтық мәселелерге қатысты бұл мәселелерді шешу өз кезегінде экономиканың маңызды салаларында теңіз жағалауы елдерінің өзара тиімді болашағына жол ашады. «Баршамыз біздің ұлттық мүдделерімізді қорғайтын тиімді тетіктерді даярлауға ұмтылып отырмыз және бұл тұрғыдағы ортақ мақсат әзірленген стратегияның тиімділігін қамтамасыз етуге негізделмек», - деді Е.Қазыханов.

Ведоство басшысы Қазақстан өз тарапынан Каспий жағалауы елдерінің қауіпсіздігін қолдау мен экономикалық дамуына айтарлықтай мүдделі екендігін, сондай-ақ барлық тараптармен ынтымақтасуға ниетті екендігін қадап айтты.

Айта кетейік, бүгінгі жұмыс тобының 30-отырысында Әзербайжан СІМ орынбасары Халаф Халафов, Иранның Каспий теңізі мәселелері бойынша арнайы өкілі Мұхаммад Мехди Ахундзаде, Ресейдің СІМ-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Александр Головин, Түркіменстан президенті жанындағы Каспий теңізі мәселелері жөніндегі мемлекеттік кәсіпорынның төрағасы Мурад Атаджанов қатысуда. Ал Қазақстан тарапынан аталған алқалы жиынға СІМ-нің орынбасары Қайрат Сарыбай төрағалық етуде.

Соңғы жаңалықтар