Каспий теңізін қорғаудың бірыңғай тетігін әзірлеу қажет ? Атырау

АТЫРАУ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ – Атырауда рыноктық жағдайда Каспийдің солтүстік-батыс маңындағы табиғи ресурстарды экологиялық-экономикалық бағалау туралы әңгіме болған халықаралық конференция болып өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Конференцияға Қазақстан мен Ресейден келген ғалымдар және экологтар қатысты. Оған қатысушылар Каспий теңізінің қайраңында мұнай операцияларын кеңейтудің жиынтық бағасы көптеген миллиард долларға бағаланған оның биоресурстарына орны толмас залал келтіруі мүмкін екендігі туралы әңгіме қозғады. Сондықтан, теңіз жағалауындағы барлық елдер теңіздің биоресурстарын қорғауға мүмкіндік беретін тетікті шұғыл түрде әзірлеуі қажет. Бұл үшін бірінші кезекте оны есептеудің бірыңғай әдістемесін әзірлеу керек, одан кейін мұнай операцияларының әсерінен Каспий теңізін қорғау бағдарламасын қабылдау қажет.
Соңғы жаңалықтар