Каспий теңізінде «Бекіре» операциясы басталған 2 айда 128 браконьер ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Каспий теңізінде сәуір айында басталған «Бекіре» операциясы барысында Шекара қызметі 128 құқық бұзушыны ұстаған, деп хабарлайы ҚазАқпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Каспий теңізінде «Бекіре» операциясы басталған 2 айда 128 браконьер ұсталды

«Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы үкіметаралық Келісімнің міндеттемелерін орындау мақсатында Шекара қызметі табиғат қорғау органдарымен бірлескен іс-қимыл аясында сәуір айынан бастап ведомствоаралық кең ауқымды «Бекіре» акциясына қатысып жатыр»,-делінген хабарламада.

Аталған кезеңде қазақстандық шекарашылар Каспий теңізінің акваториясында 59 жүзу құралын пайдаланған 128 құқық бұзушыны ұстаған. Сондай-ақ 308 км астам браконьерлік кәсіпшілік құралдары (торлар) алынып, теңізге бекіре тұқымдас балықтардың 702 данасы және 2 132 ұсақ түрлері шығарылды, 3,1 млн. теңгеге айыппұл салынды.

«Алды алынған залалдың мөлшері 1,1 млрд. теңгеден астам соманы құрап отыр. Бірлескен іс-шаралар жалғасуда»,-деп мәлім етті баспасөз қызметі.

Каспийде браконьерлердің әрекетінен келген шығын алдын ала есеп бойынша 1,1 млрд теңгедан асады