08:32, 07 Қараша 2013 | GMT +5
Каспий теңізінде бекіре тұқымдас балық аулаған мемқызметкер қолға түсті
АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Каспий теңізінде сыбайласымен бірге заңсыз балық аулаған мемлекеттік қызметкер ұсталды.

Тексеріс барысында оның Қарақия ауданында судан құтқару қызметінде жұмыс істейтіндігі анықталды. Олардан жалпы салмағы 60 келі болатын 9 бекіре тұқымдас балығы табылды. Қос браконьерден «Казанка» типтес моторлы жүзу қайығы мен басқа да балық аулау құралдары тәркіленді. Мемлекетке 500 мың теңге көлемінде залал келтіргендердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Жалпы өңірде соңғы 9 айда осындай 171 дерек тіркеліп, 47 қылмыстық іс қозғалған. Оның 15-і соттың шешімімен жазаланды, деп хабарлады 24.kz.