Каспий теңізінде экстремалды журналистика бойынша «Әскери дискурс» семинары басталды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтау қаласының іргесіндегі 29011 әскери бөлімінде оқу-жаттығу орталығының базасында экстремалды журналистика бойынша «Әскери дискурс» практикалық семинары басталды.
None
None

Бұл қазақстандық журналистерді қарулы қақтығыстар мен экстремалды оқиғалар аумағында жұмыс жасауға үйрету, лаңкестік актілерін ақпараттық тұрғыда тарату үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығымен ұйымдастырылып отырған төртінші семинар. Бұл жолы семинар Қазақстанның ӘТК Әскери-теңіз базасында өтеді. Бұл орын мақсатқа сай таңдалды. Себебі қазіргі уақытта Каспий өңірінде геосаяси және экономикалық координаттар үздіксіз өсіп келеді. Осы орайда Қазақстан басқа да Каспий маңындағы елдер сияқты өңірлік қауіпсіздіктің тұрақтылығын сақтауға мүдделі. Аталған семинарға республикалық және өңірлік БАҚ-тан барлығы 40 журналист, сондай-ақ блогерлер қатысуда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі..

Семинардың салтанатты ашылуы ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің туын көтеруден басталды. Әскери қызметшілер мен семинарға қатысушылар алаңда сапқа тұрып, іс-қимылды түсіндіретін нұсқаушыларды тыңдады, сонымен қатар оларға ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшылығының атынан арнайы тігілген киім-кешектерді тарту етті.

Содан кейін танымал саясаткер, Қазақстандық стратегиялық зерттеу институтының директоры Ерлан Карин дәріс оқыды. «Қазіргі уақытта орын алып жатқан оқиғалар мен жағдайларды ескерсек, бұл семинар өте маңызды деп ойлаймын. Осындай кездесулер барлығымыз үшін тиімді, әсіресе орын алып жатқан оқиғаларды түсініп, талдау жасау үшін, сонымен қатар ақпараттық ауқымда дұрыс ден қою жүйесін әзірлеу үшін маңызды деп санаймын. Біз, бәріміз бір ауқымда - талдау жасау және ақпараттық тарату шеңберінде жұмыс жасаймыз. Көп елдердің тәжірибесі мен практикасы көрсеткендей, лаңкестік пен радикалды қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жасау жүйесінің күштік құралымдары ғана маңызды емес. Бұл жағдайда басты маңызды нәрсе ақпараттық тұрғыда ден қою мәселесі. Ақпарат жетекшілік еткен ғасырда өте жиі кез-келген оқиға, оның ішінде лаңкестік актілері белгілі бір медиялық ықпалға ие. Өкінішке орай, терроризм мен медиалық әсер бір-бірімен байланысты. Кез-келген лаңкестік актілері ауқымды қоғамдық резонанс болып саналады. Кәдімгі қылмыстық іс-қимылдан терроризмнің басты ерекшеліктерінің бірі барынша қоғамдық ақпаратты ықпалды етіп көрсету болып саналады», - деді Ерлан Карин.

Кездесу барысында журналистер терроризм проблемасын зерттеу туралы біліп қана қоймай, жалпы топтардың сипаттамасы, қаржыландыру қағидалары туралы да білді, сонымен қоса өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға барынша толық жауап алды. Халықаралық терроризм қауіп-қатерінің арттуын, әлемдегі саяси және қоғамдық тұрақсыздық деңгейінің ұлғаюын ескере отырып «Әскери дискурс» семинары аса маңызды екенін атап өткен жөн.

Журналистер репортаж жасау үшін өз өмірлерін қауіп-қатерге тігіп шиеленіс нүктелерін, төтенше жағдайлар мен лаңкестік актілерін ақпараттық тұрғыда таратады. Олар ақпараттық айқас кезінде өзін қалай қорғауды, қалай жұмыс жасауды білуі, сонымен қатар оқиғаның құрбанына айналмай, өз өмірін сақтай отырып, сапалы материал әзірлеуді үйренуі тиіс.



















Соңғы жаңалықтар