Каспий теңізінде мемлекеттік шекара межеленуі күн тәртібіндегі мәселе болып қалады

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанның мемлекеттік шекарасын халықаралық танудың және құқықтық рәсімделуінің тарихи маңызы зор.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР-дегі шетелдік мекемелер басшыларының қатысуымен өткен кеңесте сөйлеген сөзінде Қазақстанның сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов айтты.

Шекара жөнінде мерзімсіз жасалған шарттар біздің аумағымызға қол сұғылмауына халықаралық-құқықтық кепілдік береді және елдің ұлттық қауіпсіздігінінің берік негізін қалайды, деп атап өтті елдің сыртқы саясат ведомствосының басшысы.

Сонымен қатар, Каспий теңізі арқылы мемлекеттік шекара межелену мәсеклесі күн тәртібінде қалып отыр. Каспий маңы мемлекеттерінің алдында теңіздегі аумақтарды межелеумен, оның биологиялық және минералдық қорларын игеру, кеме жүзуі, табиғи ортаны қорғау және т.б. қатысты іс-қимылды тәртіпке келтірумен байланысты мәселелерді реттеу жөнінде күрделі міндеттер тұр.

Бүгінде 2010 жылғы қарашада Бакуде өткен Үшінші Каспий саммиті барысында қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияны тезірек қабылдау қажет. Жиырма жылдың ішінде мәмілелесу нәтижесінде кейбір Каспий елдерінің ұстанымдары елеулі өзгерді және бүгінгі таңда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның көптеген бөлігі қазірдің өзінде келісілді, деді Е.Қазыханов.

Соңғы жаңалықтар