Каспий теңізінде «Шағала-2013» оқу-жаттығуы өтіп жатыр

АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің «Шағала-2013» оқу-жаттығуы жалғасуда,
None
None

деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Жаттығуға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басқармасы мен әскери-теңіз базасының жауынгерлік даярлық, тылдық қамтамасыз ету, қару-жарақ, байланыс, мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімдері мен қызметтерінің әскери қызметшілері қатысуда.

«Шағала-2013» оқу-жаттығуы шеңберінде тәжірибелік кемелік атыстар жүзеге асты. Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Қазақстанда жасалған жаңа зымырандық-артиллериялық «Қазақстан», «Орал» кемелерімен өмірлік маңызы бар нысандарды, оның ішінде мұнайгаз кешендерін, қолдан жасалған аралдарды күзету мен қорғау элементтерін пысықтады.

«Штат үйлесімді қимылдады, барлық нысаналар жойылды. Жаттығу Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы жүктелген міндеттерді орындауға және теңіздегі мемлекеттік мүдделерді қорғауға дайын екенін көрсетті», - деп атап өтті «Шағала-2013» оқу-жаттығуының жетекшісі 1-ші дәрежелі капитан Серік Борамбаев.

«Шағала-2013» оқу-жаттығуы Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік қабілеті мен әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар