Каспий теңізінің маңында 6 мемлекет аумағында автожорық өтеді

Автожорықтың басты тақырыптары мәдени туризм, экологиялық қауіпсіздік және мемлекеттер арасындағы байланыстарды нығайту болмақ.
Осы ауқымды шараға әзірлік мәселелерін Астрахань облысының әлеуметтік саясат жөніндегі вице-премьері Галина Зотеева басқарған жұмыс тобы талқылады.
«Автомобильшілер тобы 17-18 күн 10-12 машинамен 6 Каспий маңы мемлекеттері мен 3 аймақты айналып шығады. Жол бағдары Астрахань - Атырау (Қазақстан) - Бейнеу (Қазақстан) - Нүкіс (Өзбекстан) - Көнеүргеніш (Түрікменстан) - Ашхабад (Түрікменстан) - Горган (Иран) - Решт (Иран) - Баку (Әзірбайжан) - Махачқала (Дағыстан) - Астрахань арқылы өтетін болады, деп хабарлады Астрахань облысы әкімшілігінің баспасөз қызметі.
Автожорыққа шамамен 25-35 адам қатыспақ. Автожорықтың басталатын күні әлі анықталған жоқ, әзірге ол 2013 жылдың қазан айына жоспарланып отыр.
«Журналистер мен блоггерлер арасында автожорықтың арнайы эмблемасына конкурс жарияланды, оның жеңімпазы автосаяхатшылар тобына қосылуы мүмкін», - делінген хабарламада.