Каспий теңізінің түбін бөлу теңдік пен әділдік қағидаты негізінде құрылады - СІМ
![None None](/static/img/plug.webp)
«Бәрі де теңдей шартттар арқылы жүзеге асады. Соның ішінде бірінші кезектегі мәселе, Каспий теңізі бұл бейбітшілік пен ынтымақтастық теңізі екеніне ортақ назар аудару. Теңқұқылық пен өзара сыйластық, теңдік мен өзара тиімділік қағидаттары міне, осылар базалық қағидаттарға жатады, осы мәселе талқыланып жатқан Конвенция жобасында көрініс тапты. Ондай қағидаттарға қатысты ешкімнің де күмәні болған емес», - деді министр Е. Ыдырысов жиынды қорытындылай келе.
Оның айтуынша, қосымша процесті талап ететін принципті мәселелер бар. Олардың ішінде Каспий теңізінің түбінен коммуникация желілерін тарту, сонымен қатар, теңіз түбін бөлуде әдістерді айқындау мәселелері қалып отыр.
«Мұнда негізінен мәселе әдістердің техникалық қырларына және шекаралық бөліністер қағидаттарына қатысты болып табылады. Ал түбін бөлу қағидаттарында соншалықты күмән келтірушіліктер болған емес. Оның негізінде теңдік, әділдік, өзара тиімділік пен мүдделілікті есепке алу жатыр», - деп түсіндірді министр. Оның сөзіне қарағанда, Каспий теңізінің навигация мәселесі, транзит мәселесі қосымша талқылауларды талап етеді. «Бұл кешелі, бүгінді талқыланып жатқан мәселелер. Оларға қосымша сараптамалық дайындықтар керек, өйткені, бізге техникалық есептеулер керек, сол арқылы баршаға тиімді шешімдер қабылдауға тырысатын боламыз», деді ведомство басшысы.
Еске салайық, Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің кеңесіне Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяров, Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Түрікменстан Республикасының Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қатысқан жиынға Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов төрағалық етті.