Каспий теңізінде жоғалып кеткен екі жігітті құтқарушылар аман алып қалды

су тасқыны
Фото: Атырау облысының жедел штабы

АСТАНА. KAZINFORM – Құтқарушылар Каспий теңізіде екі адамды аман алып қалды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Маңғыстау облысында түнде 1998 және 1996 жылы туылған екі жергілікті тұрғын sup boardпен сырғанауға теңізге барған.

Алайда ағын жастарды теңізге алып кеткен. Іздестіру жұмыстары 8 сағатқа жуық созылды. Жұмысқа құтқарушылардан басқа, әскери теңізшілер де тартылды, олар таңға қарай жағалаудан 5 шақырым жерде Көгілдір айлақ аумағында жоғалған адамдарды тапты.

Адамдардың жағдайы тұрақты. Олар Ақтау портына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар